Қазақстандық әуе компанияларына 6 елдің үстінен ұшуға тыйым салынды

0
128

Таяу Шығысқа жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компаниялар өз рейстерін осы елдердің әуе кеңістігінде жүзеге асырмай, айналып ұшады.


Қазақстандық әуе компанияларына 6 елдің үстінен ұшуға тыйым салынды

фото: Пресс-служба Air Astana

ERNUR.KZ. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі елдегі әуе компанияларға 6 елдің үстінен ұшуға тыйым салды, деп жазады sputnik.kz.
Азаматтық авиацияға төнген қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливанның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды.
"Қалыптасқан жағдайға байланысты Таяу Шығысқа жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компаниялар өз рейстерін осы елдердің әуе кеңістігінде жүзеге асырмай, айналып ұшады", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, 17 маусымында "SCAT" әуе компаниясы Ираннан Қазақстан Республикасының 89 азаматын шығару мақсатында Ашхабад – Астана бағыты бойынша рейсті орындады.