Қазақстандық азамат алимент төлемеу үшін өзінің "қайтыс болғанын" айтқан

0
367

Жеке сот орындаушысының айтуынша, борышкер сот отырысы өтетін күні қалалық зираттардың бірінде №6 бейітте жатқанын жазған.


Қазақстандық азамат алимент төлемеу үшін өзінің

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының тұрғыны әдеттен тыс жолмен алимент төлеуден жалтармақ болған. Ол анасы арқылы өзін "қайтыс болды" деп мәлімдеген, деп жазады stan.kz.

Қарағанды облыстық жеке сот орындаушысы Саяхат Ахметжановтың айтуынша, борышкер алимент төлеуден қасақана жалтарып отыр. Сондай-ақ берешектің пайда болуына байланысты жүргізуші куәлігін тоқтата тұру туралы сотқа жолдама берілді.

"Чатта ер адам анасы арқылы қайтыс болғанын жазғанда қатты таңғалдық. Әрине, біз өтініш жасап, борышкердің тірі және сау екенін анықтадық (оның ақыл-есі дұрыстығы туралы өтініш бердік). Сонымен қатар, борышкер TikTok желісінде күн сайын контент жариялап отырды”, – деді сот орындаушы.

Жеке сот орындаушысының айтуынша, борышкер сот отырысы өтетін күні қалалық зираттардың бірінде №6 бейітте жатқанын жазған.

"Мен АҚШ-та адам өзін басқа адам/жаратылыс/объект ретінде тани алады деп естідім. Бірақ Қазақстанда мұндайды бірінші рет көрдім", – деді Саяхат Ахметжанов.