Қазақстандық азамат Түркияға киіз үй жіберудің қажеті жоғын айтты

0
788

Ер адам қазақстандықтар ұйымдастырып жатқан “Түркияға 100 киіз үй” науқанының орынсыз екенін жеткізді.


Қазақстандық азамат Түркияға киіз үй жіберудің қажеті жоғын айтты

ERNUR.KZ. Отандасымыз табиғи апатқа ұшыраған Түркия халқына киіз үйлер қажет емес екенін айтты. Қазақстандық азаматтың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті, деп жазады stan.kz.

Ер адам қазақстандықтар ұйымдастырып жатқан “Түркияға 100 киіз үй” науқанының орынсыз екенін жеткізді.

“Қазақстаннан келетін киіз үйлер керек емес. Сол 100 миллион теңгеге 200 қазақтың жалақысын төлеп, жіберсе әлдеқайда дұрыс болар еді. Киіз үйлерді әкелу үшін ұшаққа ақша төлейді, оны 200 адам құру керек, оған уақыт кетеді. Мұнда әзірге палаткалар бар. Сол 200 адам қазір үйінді астында жатқан тірі адамдарды шығарып, жәрдемдесуге керек”, – дейді отандасымыз.

Желі қолданушылары да оқиға орнында жүрген қазақстанды азаматтың айтқанымен келісіп, қолдай кетті.

“Кеш болмай тұрғанда тірі қалған адамдары шығару керек”, “Адам мен техника керек. Дұрыс айтасыз”, “Ол жаққа қол көмек керек”, “Иә, палатка арзан әрі қолайлы”, “Жұмыс күшін киіз үйлерді құруға емес, адамдарды құтқаруға жұмсау керек”, – деп пікір қалдырды желідегілер.