Қазақстандық белгілі дизайнерді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

0
774

Қылмыс жасады деген күдікпен дереу 1991 жылы туылған азамат ұсталды.


Қазақстандық белгілі дизайнерді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері белгілі қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханды (Бисен) өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп жазады Stan.kz.

Алматы полициясы 18 қазанда түннің ортасында екі ер адам арасындағы төбелес туралы хабарлама түскен. Бұл туралы полицияға оқиға куәгерлері хабарлаған.

"Пәтер терезесінен не болып жатқанын бақылап тұрған 102 пультіне қоңырау шалушының айтуы бойынша, үйдің ауласындағы белгісіз адам алдымен қарғыс жаудырып, содан кейін төбелес бастаған. Нәтижесінде олардың бірі құлап, екіншісі қылмыс орнынан қашуға асыққан", - деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері жәбірленушіні тексеріп, қайтыс болғанын мәлімдеді.

"Қылмыс жасады деген күдікпен дереу 1991 жылы туылған азамат ұсталды. Ол жәбірленушінің сүйіктісінің інісі болып шықты. Күдікті кісі өлтіргенін мойындап, қарсыласын дұшпандық қарым-қатынас салдарынан ұрғанын айтты", - деп хабарлады полиция департаменті.

Тергеу барысында күдікті уақытша қамауға алынды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Тергеу Алматы қалалық полиция басқармасы басшылығының бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда қатты соққының салдарынан қазақстандық дизайнер Сәбит Сырахан (Бисен) көз жұмды деген хабарламалар шыққан болатын.