Қазақстандық блогер отырған көлік апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

0
617

Қазіргі кезде тиісті тергеу жұмысы жүріп жатыр.


Қазақстандық блогер отырған көлік апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматы облысы Жамбыл ауданында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полицияның мәліметінше, қайғылы жол-көлік апаты 12 қарашада Ұзынағаш – Күрті тасжолында болған.

«Mercedes көлігінің 20 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан Mercedes көлігінің 2002 және 2003 жылдары туған екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 15 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Жамбыл аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тіркеліп, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы тексеріліп, тиісті тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде жол апатына ұшыраған көлік «Саяхатшы Диас» деген атпен танымал блогер әрі тиктокерге тиесілі екені айтылды.