​ Қазақстандық дрон сынақтан сәтті өтті - министрлік

0
666

Пилотсыз ұшатын аппараттың алғашқы нұсқасын ұлттық қорғаныс университетінің ғалымдары дайындаған және ол алғаш рет 2021 жылы сынақтан өткізілді.


​ Қазақстандық дрон сынақтан сәтті өтті - министрлік

ERNUR.KZ. Қазақстанда әзірленген, өндірілген және модернизацияланған бірінші дронның сынақтары аяқталды, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ модернизацияланған "Шағала-М" ұшқышсыз ұшатын аппаратын сынақтан сәтті өткізді", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство хабарлауынша, модернизация құрылғының тактикалық және техникалық мүмкіндіктерін, яғни жылдамдығын, ұшу биіктігін және қашықтығын жақсартуға мүмкіндік берді.
Отандық дрон мұнай және газ құбырларын, электр желілерін тексеру және бақылау үшін, сондай-ақ іздеу-құтқару жұмыстарында, төтенше жағдай кезінде байланыс пен басқару үшін ретранслятор ретінде пайдаланылады.
"Шағала-М" ұшу-қону жолағын қажет етпейді. Оның бағасы да шетелдік баламадан арзан. Өнімді сатуға арналған СТ-KZ сертификаты, өнеркәсіптік сертификат және сәйкес патент алынды", - деді "Қазақстан инжиниринг" R&D центр" ЖШС бас директоры Ғани Бәйсейітов.
Сонымен қатар ведомство биыл министрлік елдің әуе кеңістігінде пилотсыз ұшатын аппараттарды пайдалану ережесін әзірлегенін мәлімдеді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының есебі, санаты және оларға рұқсат құжатын беруді де реттеу қажеттігі туындаған.
"Қазақстан инжиниринг" авиациялық оқу орталығының базасында азаматтық мақсаттағы дрондар мен коптерлердің қауіпсіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұшқыштар мен механиктерді даярлау бағдарламасын іске қосып жатыр.