Қазақстандық әйелдің 10 жыл бұрын ұрланған смартфоны өзіне қайтарылды

0
304

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жедел уәкілдер 2014 жылы жасалған телефон ұрлығын ашты.


Қазақстандық әйелдің 10 жыл бұрын ұрланған смартфоны өзіне қайтарылды

ERNUR.KZ. СҚО-да полицейлер 10 жыл бұрын ұрланған телефонды тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жедел уәкілдер 2014 жылы жасалған телефон ұрлығын ашты. Аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көлде демалып жүріп, сол кезде танымал болған Samsung Galaxy S III Mini телефонын таппай қалған.

Қылмысты "ізін суытпай" ашу мүмкін болмаған. Соған қарамастан, 10 жылдан кейін тәртіп сақшыларына ауданның 27 жастағы тұрғынын анықтауға мүмкіндік берген жаңа мән-жай анықталған. Ұрлық жасаған кезде ол 17 жаста болған. Ол кінәсін мойындап, жағажайда қараусыз қалған басқа біреудің мүлкін қалай иемденгенін айтып берген. Ұрланған зат заңды иесіне қайтарылды.

"Қылмыстық іс жүргізу ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды. Дегенмен, ескі материалдар жаңа мән-жайларды анықтау үшін үнемі қайта қаралатынын атап өткен жөн. Ашылмаған бірде-бір қылмыс полицияның назарынан тыс қалмайды", - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.