Қазақстандық кәсіпкерге Қырғызстанда іздеу жарияланды

0
418

Арнайы қызметтер кәсіпкер Ясынжан Таировтың "Братский круг" халықаралық қылмыстық тобына кірген Қамчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дергін анықтаған.


Қазақстандық кәсіпкерге Қырғызстанда іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

МҰҚК комитеті мәліметінше, қазақстандық кәсіпкер және "Симирам" демалыс орталығының иесі Ясынжан Таировқа Қамшыбек Асанбектің (Қамчы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дерегі бойынша іздеу жарияланған.

Арнайы қызметтер кәсіпкер Ясынжан Таировтың "Братский круг" халықаралық қылмыстық тобына кірген Қамчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дергін анықтаған.

Таиров Қамчы Көлбаевтың қылмыстық әрекетін біле тұра, онымен бірлескен бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін байланыс орнатқан. Кәсіпкер оған 200 мың доллар берген. Демалыс орталығының қожайыны ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне коттедждер мен бөлмелерді үнемі беріп отырған.

"Я. Таировқа қатысты жиналған материалдардың негізінде Бішкек Октябрь аудандық сотының қаулысы бойынша сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, сондай-ақ ол қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін іздестіруге, оның ішінде мемлекетаралық және Интерпол ҰБО желісі бойынша жарияланды", - делінген хабарламада.