Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

0
1 190

Карина Ибрагимова ширек финалда 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық Венлю Янгты ұтты.


Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық қос боксшы әйелдер арасында Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Карина Ибрагимова мен Жайна Шекербекова финалға шығу үшін сынға түседі. Карина Ибрагимова ширек финалда 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық Венлю Янгты ұтты.

Ал Жайна Шекербекова 51 келіге дейінгі салмақта Польша елінің өкілі Сандра Драбиктен басым түсті. Осылайша Карина мен Жайна кемінде қола медальға ие болады.

Өкінішке қарай, Фариза Шолтай ширек финалда 81 келіге дейінгі салмақта тағы бір поляк қызы Виктория Кабиковаға жол берді. Милана Сафронова 64 келіге дейінгі салмақта украиналық Мария Бовадан ұтылды. 81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева да америкалық Даниэлла Перкинстен айласын асыра алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық бес боксшы қыздың ширек финалға және Карина Ибрагимованың жартылай финалға өткенін жазған болатынбыз.