​Қазақстандық қыз-келіншектер Отбасы банкіндегі өз есепшоттарында 1,1 трлн теңге қаражат жинақтаған

0
523

Отбасы банкінде қазақстандық қыз-келіншектермен жинақталған депозиттердің арасындағы ең жоғарғы сома 53 млн теңге.


​Қазақстандық қыз-келіншектер Отбасы банкіндегі өз есепшоттарында  1,1 трлн теңге қаражат жинақтаған

Отбасы банкінде ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) депозит ашып, баспанаға қаражат жинақтау бастамасы көп жағдайда әйелдерге тиесілі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тартылған болса, бұл соманың тура жартысын қазақстандық әйелдер жинаған. Қазіргі уақытта Отбасы банкінде 1,5 млн жуық депозитті, яки белсенді жинақ шоттарының жалпы санының 68% әйелдер ашқан.

Отбасы банкінде қазақстандық қыз-келіншектермен жинақталған депозиттердің арасындағы ең жоғарғы сома 53 млн теңге.

“Орта есеппен алғанда, қазақстандық әйелдер несие алғанға дейін Отбасы банкінде ақшасын депозитке орта есеппен 6-10 жыл жинайды. Дені – Алматы, Астана және Шымкент қалаларының азаматшалары. Сонымен қатар, банк клиенттерінің балаларының болашағын ойлайтыны да қуантады. Өйткені, қазір банкте 230 мыңға жуық балалар депозиті ашылған. Аналардың мұндай көрегендігі болашақта жақсы қызмет ететініне сенімдімін. Расында да, кәмелетке толғанға дейін балалары өз шаршы метрлерінің иесі атана алады”, – дейді "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Банктен несие алушылар арасында әйелдер саны басым (54,7%). Ал пәтер немесе үй сатып алу үшін несие алатын бұрымдылардың негізгі жасы 36-45 жас аралығында. Әдетте, несие мерзімі 10 жыл.

Отбасы банкінде әйелдерге берілетін несиенің орташа сомасы 11 млн теңгеге тең.
Бұл ретте Отбасы банк Азия даму банкімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан "Ұмай" әйелдер бағдарламасының рөлі зор болды. Жобаны қаржыландыру көлемі 38 млрд теңгеге тең. Алғашқы екі транш аясында 2300-ден астам қазақстандық әйелдер жалпы сомасы 22,4 млрд теңгені құрайтын қолжетімді несие алып, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алды.

Биыл банк қазақстандық әйелдерді одан әрі несиелеу үшін келесі транштың бөлінуін күтуде.
Гендерлік тепе-теңдік банк клиенттері арасында ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер арасында да сақталады. Отбасы банкінде қызметкерлердің 61 пайызы әйелдер. Олар Директорлар кеңесі мен Басқарманың мүшелері болып табылады және жоғары лауазымдарды атқарады. IT блогында құрастырушылар мен талдаушылардың төрттен бірі – нәзік жандылар.

"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.