Қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алды - БҒМ

0
538

Халықаралық зияткерлік олимпиадаларға қатысушыларды ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы тағайындау жоспарланып отыр.


Қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алды - БҒМ

ERNUR.KZ. Биыл қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.

2021 жылы қазақстандық оқушылар өткен жылдардың рекордын жаңартып, әлемдік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алды.

2 алтын медаль: математика (1), география (1)

13 күміс медаль: физика (5), математика (3), химия (3), биология (1), география (1)

11 қола медаль: информатика (4), математика (2), биология (2), лингвистика (1), химия (1), география (1).

Естеріңізге сала кетсек, халықаралық зияткерлік олимпиадаларға қатысушыларды ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы тағайындау жоспарланып отыр.