​Қазақстандық Petroleum компаниясы ТМД сыйлығын жеңіп алды

0
1 091

Жалпы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының сыйлығы ірі 14 кәсіпорынға бұйырды. Petroleum – солардың бірі.


​Қазақстандық Petroleum компаниясы ТМД сыйлығын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Беларусь астанасында ТМД-ның үздік кәсіпорындары анықталып, салтанатты түрде марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Халықаралық сарапшылардың көңілінен шыққан мықтылардың қатарында қазақстандық Petroleum компаниясы да бар. Ол тұтынушыға сапалы өнім ұсыну мен мінсіз қызмет көрсету саласында үздік деп танылды.

Жалпы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының сыйлығы ірі 14 кәсіпорынға бұйырды. Petroleum – солардың бірі. Оның Қазақстан нарығында қызмет атқарып жүргеніне 16 жыл болған. Теміржол саласындағы жетекші көлік-логистикалық компания. ТМД-мен қатар Азия, Балтық, Кавказ елдеріне жүк жеткізеді. Өткен жылы компания 14 миллион тонна жүк тасымалдаған.

"ТМД елдерінің ішінде біздің кәсіпорын жеңіп алған бұл сыйлық халықаралық деңгейде мойындалған. Яғни біздің халықаралық нарыққа шыққанымызды растайды. Petroleum компаниясы 2016 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алтын сапа» сыйлығын алған. Қазақстанда вагон-цистернаны жуып тазалауға және ағымдық жөндеу жүргізуге арналған ірі үш станция осы кәсіпорынға тиесілі. 2018 жылы олар логистикалық қызмет түрін көбейтіп, жүк тасымалдаудағы мүмкіндіктерін арттыруға ниетті», – дейді Қазақстанның Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ермұханбет Ертісбаев.