Қазақстандық портал әлемдегі ең үздік сайттардың үштігіне енді

0
592

Қазақстанның мемлекеттік сатып алу порталы Global Data Barometer деректердің қолжетімділігі рейтингінде 3-орынға ие болды.


Қазақстандық портал әлемдегі ең үздік сайттардың үштігіне енді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Рейтингке сәйкес, барлық ел ( 109 мемлекеттің 99-ы немесе 91%-ы) сатып алу туралы деректерін жариялайды. Алайда тек 9 ел мемлекеттік сатып алудың барлық процесі бойынша деректерді жариялаған: жоспарлаудан бастап шарттарды орындауға дейін.

Қазақстанның мемлекеттік сатып алу порталы Украина мен Парагвайдан кейін үшінші орынды иеленді.

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік сатып алу порталының ашықтығын сақтау бағытындағы жұмысты жалғастыра береді.

Айта кетейік, Global Data Barometer –Data for Development Network (D4D.net) және ILDA бірлескен жобасы. Барометр 109 елдің денсаулық сақтау, қоршаған орта, мемлекеттік қаржы сынды маңызды қоғамдық мәселелерге қатысты деректерді қалай шығаратынын және деректердің қоғам игілігі үшін қалай пайдаланылатынын талдайды.