Қазақстандық рэпер Таиландта із-түзсіз жоғалып кетті

0
159


Қазақстандық рэпер Таиландта із-түзсіз жоғалып кетті
Ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Көпшілікке Кисло-Сладкий лақап атымен қазақстандық танымал рэпер Дархан Жұмабек Таиландта із-түзсіз жоғалып кетті. Оның жоғалғанын жақындары айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Туыстарының сөзінше, рэперлі кейінгі рет Паттайядағы жағажайлардың бірінен көрген. Алдын ала мәлімет бойынша, сол сәтте ол есірткіге мас күйде болуы мүмкін.

“ Паттайяда жүрген және оның қайда екенін немесе қандай да бір ақпарат білетін жандардан хабарласуды сұраймыз”, – деп мәлімдеді жақындары.

КИСЛО-СЛАДКИЙ ДЕГЕН КІМ?

Кисло-Сладкий – қазақстандық танымал рэп орындаушы. Оның шын есімі – Дархан Жұмабек. Ол 1999 жылдың 9 сәуірінде Алматы облысында дүниеге келген.

Ол алғаш рет "Кисло-Сладкий & Bonah" хип-хоп дуэтінің мүшесі ретінде танылып, кейін жеке шығармашылық жолын бастаған.

Еске салайық, биыл мамыр айында Дархан Жұмабек Алматыдағы түнгі клубтардың біріндегі өнер көрсетіп, басы дауға қалған еді.

Әлеуметтік желіде тараған видеода рэпердің жартылай жалаңаш күйде сахнаға шығып, былапыт сөздер айтып, көрермен алдында әдепсіз әрекеттер жасаған. Осыған байланысты оған әкімшілік айыппұл салынған еді.