Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 439 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
ERNUR.KZ. 2023 жылғы 24 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 05:40-та Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 439 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. Магнитудасы - MPV 4.0. Эпицентр координаттары - 40,47°, солтүстікке қарай - 73,08°. Тереңдігі - 5 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген ведомствоның кезекші операторы таратқан хабарламада.