Студенттің айтуынша, қазақстандықтарға шетелдік тауарлардан гөрі отандық тауарларды сатып алған тиімдірек.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан университетінің студенті отандық автотұрақ радарын ойлап шығарды, деп жазады zakon.kz.
Бұл құрылғыны жасау үшін "Информатика" мамандығының 2-курс магистранты Әділет Амангелдин жарты жыл уақытын жұмсаған. Тұрақ сенсорлары құрылғысы автомобильге арналған ультрадыбыстық сенсор арқылы жасалған.
"Көптеген автокөлік әуесқойлары тұрақ радарын жақсы біледі. Өйткені ол - автотұрақты, қоқыс жәшігін, биік жолды немесе тасталған жүкті анықтауға арналған белсенді жүргізушіге көмек көрсету жүйесі. Parktronic кедергілерді оңай байқайды және жүргізушіге дереу ескертеді".Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі
Студенттің айтуынша, қазақстандықтарға шетелдік тауарлардан гөрі отандық тауарларды сатып алған тиімдірек.