Аталған іс аясында кемінде алты адам ұсталған.
Фото: www.kommersant.ru
ERNUR.KZ. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің магистранты, Қазақстан азаматы Гарри Азарян терроризмге шақыру дерегі бойынша ұсталып, екі айға қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz.
Тергеу органдарының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Азарян Жұмысшы күші ұйымының съездерінде революция тақырыбында пікір білдірген.
Алайда студент өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, сотта кінәсіздігін дәлелдейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол Ресей Федерациясына ешқандай қауіп төндірмейтінін жеткізді.
Гарри Азарян – олардың ішінде тұтқындалған жалғыз адам. Қалған күдіктілер іздеуде жүр.