Дүбірлі додада 11 ақпанға дейін жалғасады.
Фото:Спортты дамыту дирекциясы
ERNUR.KZ. Велоспорттан Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық ару топ жарды, деп жазады stan.kz.
Әйелдер арасындағы элита санаты бойынша уақытқа жарыста Рината Сұлтанова ел намысын қорғады.
Байрақты бәсекеде ол 20 шақырым қашықтықта ең үздік көрсеткішті тіркеді. Осылайша Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды. Ал күміс жүлде Гонконг өкілі Ие Вин Лунға бұйырды. Үздік үштікті қытайлық Хао Чжан түйіндеді.
Айта кетейік, Сауд Арабиясы алғаш рет алғаш рет мұндай ірі жарысты қабылдап отыр.
Бұдан өзге жасөспірімдер арасында Глеб Новиков пен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Мария Елькина күміс медаль еншіледі.
Дүбірлі додада 11 ақпанға дейін жалғасады.


