Қазақстандық заңгер Ла-Манш бұғазын 14 сағаттың ішінде жүзіп өтті

0
1 331

Ла-Манш бұғазын Англиядан Францияға дейін жүзіп өтіп, Қазақстан туын көкке көтерген.


Қазақстандық заңгер Ла-Манш бұғазын 14 сағаттың ішінде жүзіп өтті

ERNUR.KZ. Алматылық заңгер Ержан Есімханов Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жүзіп өту уақыты 14 сағат 21 минутты құрайды, қашықтығы - 34 шақырым. Ержан Есімхановтың айтуынша, ол Ла-Манш бұғазын жалғыз жүзіп өткен алғашқы Қазақстан өкілі. Басым бөлігін түнгі уақытта жүзген.

«Бүгін Ла-Манш бұғазын Англиядан Францияға дейін жүзіп өтіп, Франция жағалауында Қазақстан туын көкке көтердім», - деп жазды ол Instagram парақшасында.