Қазақстандықтар 1 млн доллар табу үшін 246 жыл жұмыс істеуі керек

0
641

2021 жылдың төртінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 275,6 мың теңгеге жетті.


Қазақстандықтар 1 млн доллар табу үшін 246 жыл жұмыс істеуі керек

ERNUR.KZ. Орташа жалақысы бар қазақстандықтар 1 миллион АҚШ долларын табуы үшін 245 жыл 11 ай қажет болады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Орташа жалақымен 1 миллион АҚШ долларын табуға кететін жылдар саны бойынша Қазақстан 102 елдің ішінде 87-орында тұр.

Бір млн АҚШ долларын ең жылдам жинауға болатын елдер көшін Швейцария (13 жыл 4 ай), Австралия (20 жыл 1 ай) және Сингапур (20 жыл 2 ай) бастап тұр. Үздік бестікте Люксембург (20 жыл 4 ай) пен АҚШ (23 жыл 1 ай) бар.

«ТМД елдері арасында азаматтар Украинада* 145 жыл 6 ай, Ресейде – 191 жыл 9 ай, Молдовада –204 жыл 11 ай, Арменияда – 215 жыл 4 ай, Беларусьте – 231 жыл 5 ай, Қазақстанда – 245 жыл 11 ай, Әзірбайжанда – 257 жас 1 ай, Өзбекстанда 318 жас 4 ай жұмыс істеуге мәжбүр болар еді», - делінген Picodi.com сайтының мәліметінде.

*ТМД-дағы бірқатар себепке байланысты Украина мәртебесі даулы болып отыр.

2021 жылдың төртінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа айлық атаулы жалақысы 275,6 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,2%-ға артық. Номиналды жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсімі 8,7%-ды құрады.

«Өңірлік тұрғыда ең жоғары атаулы жалақы Атырау облысында тіркелді: 420,4 мың теңге, оған жылына 11,4% қосылады. Үздік үштікке сондай-ақ дәстүрлі түрде елорда (391,4 мың теңге, плюс 11,9%) және Маңғыстау облысы (382,4 мың теңге, плюс 13,2%) кірді», - делінген ақпаратта.

Ең төменгі жалақыны Солтүстік Қазақстан облысының қызметкерлері: бар болғаны 203 мың теңге (плюс 20,2%) алады.

«Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын сектор – тау-кен өнеркәсібі және карьерлер қазу – орташа айлық атаулы жалақы 2021 жылдың төртінші тоқсанында 546,4 мың теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы деңгейден 15,7%-ға артқан», - делінген хабарламада.

Үздік үштікке дәстүрлі түрде қаржылық және сақтандыру қызметі (520,7 мың теңге) және кәсіби, ғылыми-техникалық қызмет (442 мың теңге) салалары кірді.

Елдегі ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі: бар болғаны 167,3 мың теңге – республикалық орташа деңгейден 39,3%-ға аз.