Қазақстандықтар Астана күніне орай 3 күн демалады

0
142

Шілде айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді.


Қазақстандықтар Астана күніне орай 3 күн демалады

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Шілде айында Қазақстанда Астана күні тойланады, деп жазады inbusiness.kz.

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі – 7 шілдеге ауыстырылады.

Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 5-6-7 шілде күндері демалады.

5 күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – демалыс күні;
  • 6 шілде (жексенбі) – Астана күні;
  • 7 шілде (дүйсенбі) – ауыстырылған демалыс күні.

Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
  • 6 шілде (жексенбі) Астана күні;
  • 7 шілде (дүйсенбі) – демалыс күні.

ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.