Қазақстандықтар дрон көмегімен Өзбекстанға қару өткізген

0
2 471

Өзбекстан шекарашылары Қазақстанмен шекараға жақын жерде екі азаматты ұстады.


Қазақстандықтар дрон көмегімен Өзбекстанға қару өткізген

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар дрон көмегімен Өзбекстанмен шекарадан қару өткізді. Онда қаруды өзбекстандық екі азамат қабылдап алуы керек болған. Олардың бірі бұрын кісі өлтіргені үшін сотталғаны анықталды. Бірақ заңсыз операция сәтсіз аяқталған. Шекарашылар дронды байқап қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Өзбекстан шекарашылары Қазақстанмен шекараға жақын жерде екі азаматты ұстады.

Сараптама қорытындысына сәйкес, дрон көмегімен Макаров тапаншасы шекарадан өткізілген. Онда алты жауынгерлік патрон болды.

Тергеуге дейінгі тексеру барысында қаруды Қазақстан азаматынан төрт мың АҚШ долларына сатып алынғаны анықталды.

Ұсталғандардың бірі 2012 жылы Өзбекстан ҚК-нің 97-бабы "Қасақана адам өлтіру" бойынша сотталған. 2019 жылы ҚК-нің 169-бабы "Ұрлық" бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге түзеу жұмыстары түріндегі жаза кесілген.

Қазіргі уақытта екі азаматқа қатысты Өзбекстан ҚК-нің 246-бабы "Контрабанда" бойынша қылмыстық тергеу жүргізіледі және бұлтартпау шарасы бойынша қамауға алынды.