​Қазақстандықтар дүкен-базарларда қанша ақша жұмсайды

0
1 166

Бөлшек сауда бойынша да Алматы көш басында.


​Қазақстандықтар  дүкен-базарларда қанша ақша жұмсайды

ERNUR.KZ. 2019 жылдың алғашқы айында қазақстандықтар дүкен мен базарларда 700 млрд теңгесін қалдырған. Ал ауыл тұрғындары бар-жоғы 50 млрд теңге жұмсаған, деп жазады ҚазАқпарат Ranking.kz сілтеме жасап.

Қаңтардағы бөлшек және көтерме сауда көлемі 2,2 трлн теңгеге жеткен. Көтерме сауда көлемі бойынша Алматы көш бастап тұр. Мұнда Қазақстандағы көтерме сауданың 44,5%-ы (668,5 млрд теңге) жүзеге асырылған.

Екінші орынға 270 млрд теңге көрсеткішпен Астана тұрақтады. Үздіктер үштігін Атырау облысы тұйықтайды. Мұнда 207,3 млрд теңгенің көтерме саудасы жүргізілген.

Бөлшек сауда бойынша да Алматы көш басында. Мұнда 223,6 млрд теңгенің тауары сатылған. Бір жылдағы өсім 13,5% болды. Екінші орында 74,4 млрд теңге саудамен Астана тұр.

Үшінші орынға бұл жолы 68,3 млрд теңгенің саудасымен Қарағанды облысы табан тіреді. Бір жылда сауда 10,7%-ға өскен.