Қазақстандықтар ЕАЭО елдерінде кредит рәсімдей алады

0
931

Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь пен Қырғызстан кіреді.


Қазақстандықтар ЕАЭО елдерінде кредит рәсімдей алады

ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық одақ елдері азаматтары одаққа енетін өзге мемлекетте де кредит рәсімдей алатын болады. Бұл туралы Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Қаржылық нарықты жақындастыру бағытында батыл қадамдар іске асырылып жатыр. Отырыста мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімге қол қойылды. "Бестік" өкілдері одақ көлемінде займ алу бойынша тең құқыққа ие болады. Сонымен қатар банктер клиенттің кредиттік тарихын жеке куәлігінің өзге елдікі болғанына қарамастан тексере алады және кредит туралы шешім шығарады", - деді Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь пен Қырғызстан кіреді.