Еңбек кодексіне сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанда 2025 жылы мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымда тойланады, деп жазады zakon.kz.
Еңбек кодексіне сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.
Нәтижесінде маусым айында қазақстандықтар тағы бір күн – 6 маусымда демалады.Яғни бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да қызметкерлер жұмыс істемейді.
Жалпы маусымда:
- бес күндік жұмыс аптасында – 20 жұмыс күні және 10 демалыс күні;
- алты күндік жұмыс аптасында – 24 жұмыс күні және 6 демалыс күні