Қазақстандықтар тағы бір ресейлік әртістің концертіне қарсы шықты

0
92

Афишада концерт 28 қарашада Астанадағы «Барыс Аренада» өтетіні көрсетілген.


Қазақстандықтар тағы бір ресейлік әртістің концертіне қарсы шықты

Фото: РБК

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде ресейлік әнші Тиматидің алдағы концертіне арналған афиша тарады. Алайда бұл жаңалық қазақстандықтардың бір бөлігіне ұнамады, деп жазады ulysmedia.kz.

Афишада концерт 28 қарашада Астанадағы «Барыс Аренада» өтетіні көрсетілген. Билеттердің бағасы 15 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін. Материал жазылған сәтте сатылымда 5 320 орын қалған.

Threads желісінде кейбір қолданушылар Украинадағы соғысты қолдаған ресейлік әртістердің әлі де Қазақстанға келіп жатқанына таңданысын білдірді. Олар Тиматидің концертін тоқтатуға шақырып, билеттер сатумен айналысатын компанияны пікірлерді өшірді деп айыптады.

ҚАРСЫЛЫҚ

Тимати – концертіне қарсы талап қойылған алғашқы ресейлік әртіс емес. Бұған дейін қазақстандықтар Полина Гагаринаның 27 қарашада Астанадағы Конгресс-орталықта өтуі тиіс болған концертін өткізбей тастаған.

Сондай-ақ 29 тамызда Филипп Киркоровтың, ал Алматыда Республика сарайында үлкен концерт бермек болған Вячеслав Бутусовтың да жоспарланған шаралары қоғам тарапынан қарсылыққа тап болды.