​Гуманоид роботтар болашақта адамдарды алмастырады

0
90

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, басты мақсат – адамзатқа оң әсер ететін жалпы мақсаттағы гуманоидты роботтарды құрастыру.


​Гуманоид роботтар болашақта адамдарды алмастырады

Фото: nbcnews.com

ERNUR.KZ. Figure AI компаниясы киім-кешекті бүктеу және азық-түлікті жинау сияқты қарапайым тапсырмаларды орындауға қабілетті гуманоид роботтарды жасап шығарды, деп жазады inform.kz.

Калифорния штатының Сан-Хосе қаласында орналасқан америкалық компанияның мәлімдеуінше, инвесторлардан 1 млрд доллардан астам қаражат жиналған. Сол арқылы компанияның құны 39 млрд долларды құрады. Бұл оны гуманоид роботтарды жасау бойынша қарқынды жарыста көшбасшылардың бірі етті.

Figure AI негізін қалаушы және бас директоры Бретт Эдкок болашақта гуманоид роботтар адамдарды алмастыратынын және ол қалыпты жағдайға айналатынын айтып отыр.

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, басты мақсат – адамзатқа оң әсер ететін жалпы мақсаттағы гуманоидты роботтарды құрастыру. Бірақ бастапқыда өндіріс, тасымалдау және логистика, қойма және бөлшек сауда сияқты жұмыс күші тапшылығы ең өткір салаларда сынақтан өткізілуі мүмкін.

Әзірге роботта жасауда бірқатар кедергілер мен қиындықтар бар екені хабарланды. Бұл қиындықтарға қарамастан, Остиндегі Техас университетінің профессоры Луис Сентис адам тәрізді роботтар жақын арада кеңірек таралады деп болжап отыр.

Goldman Sachs-тың 2024 жылдың ақпан айындағы есебінде жаһандық гуманоидтар нарығы бар болғаны 10 жылда 38 млрд долларға жетуі мүмкін екені айтылған.
Figure AI-дан басқа, Agility Robotics, Apptronik, Boston Dynamics және Илон Масктың Tesla сияқты бірнеше америкалық компания Қытайдың осы саладағы өсіп келе жатқан табысына қарсы тұру үшін гуманоидты роботтардың жеке нұсқаларын әзірлеп жатыр.
Бұған дейін Қытайда гуманоид роботтардың алғашқы жекпе-жегі өткенін жазған болатынбыз.