Қазақстандықтар төрт баланы құтқарған мектеп оқушысына пәтер сыйлауды ұсынды: Қостанайда ерлік жасаған бала марапатталады

3
2 313

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бесінші сынып оқушысы Олег Пирогты көрсеткен ерлігі үшін Алғыс айту үшін шақырды.


Қазақстандықтар төрт баланы құтқарған мектеп оқушысына пәтер сыйлауды ұсынды: Қостанайда ерлік жасаған бала марапатталады

ERNUR.KZ. 25 желтоқсанда саяжайда жеке үй өртеніп, бесінші сынып оқушысы Олег Пирог өрт сөндірушілер келгенге дейін үйден төрт кішкентай баланы алып шыққан. Енді жас батыр марапатталатын болады, деп жазаы Stan.kz.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бесінші сынып оқушысы Олег Пирогты көрсеткен ерлігі үшін Алғыс айту үшін шақырды. Бұл туралы шенеунік өзінің Instagram парақшасында жазды.

Ол оқушыға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табыс ететінін айтты. Сондай-ақ, аймақ басшысы "батыл адам мен нағыз батырды" тәрбиелеген Олегтің ата-анасына алғысын білдірді.

Желі қолданушылары бір ауыздан балаға пәтер алып беруді сұрады.

"Жақында Жаңа жыл. Кешіріңіз әрине, бірақ жалынып сұраймыз, тұрғын үй мәселесін шешіңізші. Әр жерде көп балалы отбасылар. Өтініп сұраймыз", “Облыс әкімі атынан пәтер сыйлаңызшы, батырлық пен балалардың өмірін құтқару үлкен марапатқа татиды”, "Мақтау қағазы мен планшеттен басқаға үміт артудың қажеті жоқ. Өкінішті-ақ, пәтер сыйлау керек, әркім мұндай әрекетке бара бермейді" деп жазды қазақстандықтар.

Еске салсақ, өрт туралы қоңырау 25 желтоқсан күні таңертең түскен. №22 орта мектептің бесінші сынып оқушысы Олег Пирог көшеде ойнап, қою түтінді байқап, төрт баланы құтқарып қалған.