Қазақстандықтардың несие алуы бір жылда 30 пайызға өскен

0
505

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.


Қазақстандықтардың несие алуы бір жылда 30 пайызға өскен

ERNUR.KZ. 2022 жылдың басынан бері жеке тұлғалардың рәсімдеген несиесі 29,4%-ға көбейген. Бұған ипотекалық кредиттеудің 2,1%-ға (4,5 трлн теңге), сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың 4,4%-ға (7,6 трлн теңге) дейін өсуі себеп болды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Агенттік, 2022 жылғы қарашада бизнес субъектілеріне 1,2 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілгенін хабарлады. Жыл басынан бері бизнеске 11,2 трлн теңге сомаға несие рәсімдеген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға артық (10,5 трлн теңге).

Салалар бойынша заңды тұлғаларға берілген кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,7%), саудаға (21,5%), құрылысқа (7,5%) және көлікке (6,2%) тиесілі.

Ал 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) көлемі жалпы несие портфелінің 3,6%-ын немесе 850 млрд теңгені құрап отыр.