Қазақстандықтарға қайтадан бетперде киюге кеңес берілді

0
506

Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ және тұмау ауруларының көбеюіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады.


Қазақстандықтарға қайтадан бетперде киюге кеңес берілді

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға қайтадан бетперде киіп, адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес беріледі, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, елде ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі байқалады.

"Эпидемиялық маусым басталғаннан бері, яғни 2022 жылдың 1 қазанынан бері жіті респираторлық вирус инфекцияларының 2,1 миллион жағдайы тіркелді, оның 65,5 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Сондай-ақ, тұмаудың зертханалық расталған 1834 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 717", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Елімізде тұмауға қарсы "Гриппол плюс" вакцинасының 2 282 824 дозасы сатып алынғаны хабарланды. Республикада тұмауға қарсы 2 413 330 адам немесе республика халқының 12,7 пайызы екпе алған.

Тұмау, ЖРВИ және коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мыналарды ұсынады:

  • Маска мен антисептиктерді қолдану.
  • Адамдар көп жиналатын орындарға баруды, ауру адамдармен қарым-қатынасты шектеу.
  • Үй-жайларды желдетіп, жиі ылғалды тазалау жүргізу.
  • Дереу медициналық көмекке жүгіну.