Сонымен қатар Беларусь пен Молдова өкілдері де қосымша шарттарсыз Ресей азаматтығын ала алады.
ERNUR.KZ. Владимир Путин 18 жасқа толған Беларусь, Қазақстан және Молдова тұрғындарына Ресей азаматтығын алуға қойылатын талаптарды жеңілдетті. Жарлық Кремль сайтында жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
Жарлық Ресейде тұрақты тұратын (тұрақты тұру мерзіміне қарамастан) 18 жасқа толған және әрекет қабілеттілігі бар шетел азаматтарына "Ресей Федерациясының азаматтығы туралы" Федералдық заңның 16-бабының 9-бөлігіне сәйкес Ресей азаматтығын мына талаптармен алуға өтініш беру құқығы берілетінін белгілейді:
Беларусь Республикасының азаматтары - заңның 15-бабы 1-бөлігінің 1-3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтамай;
Қазақстан Республикасының және Молдова Республикасының азаматтары – азаматтық туралы заңның 15-бабы 1-бөлігінің 1-3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтамай.
Бұл құжат азаматтық алу үшін Ресейде бес жыл тұру талабын алып тастайды.