Қазақстан астанасындағы жағдай толық бақылауда.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының билігі 2000 тәліб келеді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады sputnik.kz
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Арандатушылық пен дүрбелеңге бой алдырмаңыз", — делінген @stopfake_kz ресми порталының аккаунтында.
Қазақстан астанасындағы жағдай толық бақылауда.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі Алматыда ОМОН қызметкерлері наразылық білдірушілер жағына өткені туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеген болатын.
"Ішкі істер органдарының қызметкерлері, ең алдымен, азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік желідегі парақшада тараған бұл ақпарат – фейк", - деп ескертті министрлік.