Қазақстанға әкелінетін электромобильдер кедендік баж бен өзге салықтардан босатылады

0
644

Қазақстанда электромобиль иелері үшін ақылы автотұрақтарда тегін орындар берілмек.


Қазақстанға әкелінетін электромобильдер кедендік баж бен өзге салықтардан босатылады

ERNUR.KZ. Электрлі көліктер Қазақстанға әкелінген кезде кедендік баждар мен салықтардан босатылады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Алматы қалалық кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы Азамат Абдулов айтты.

Ол қазіргі таңда электромобильдерді импорттауға арнайы көптеген жеңілдік пен артықшылық бар екенін атап өтті.
«Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Қазақстан Республикасына электромобильдерді әкелу кезінде кедендік баждар мен салықтардан босатуды көздейтін шешімі бар. Бірақ сонымен бірге электромобильдерді әкелуге белгілі бір квота қолданылады, 2023 жылы ол квота 15 мың бірлікті құрайды. Бұл біздің республика үшін жақсы квота. Яғни, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы жеке пайдалануға арналған электромобиль әкелгісі келсе, онда ол кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден толығымен босатылад. Бұл жағдайда кедендік баждарды, салық және қосымша құн салығы жоқ», - деді Абдулов.
«Бұл ереже 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Бұл квота жеке тұлғалар үшін арнайы белгіленген. Бір азаматқа бір көлік рәсімделуі мүмкін. Дегенмен, бұл көліктерді иеліктен шығарудың белгілі бір шарттары бар: үш жыл бойы ол электромобильді Ресей Федерациясында сатуға иесінің құқығы жоқ», - деп түсіндірді Азамат Абдулов.
Ол электромобильдер үшін бұл артықшылық 2022 жылы да жарамды болғанын атап өтті. Дегенмен, Қазақстанға электромобильдер әкелуге үлкен сұраныс жоқ.
«ЕЭК 2022 жылға Қазақстан үшін 10 мың электромобиль квотасын белгіледі. Ал менің білуімше, біз бұл квотаның жартысына да жеткен жоқпыз. Өйткені Қазақстанда электромобильдерге ерекше сұраныс жоқ. Олардың негізгі бөлігі Қытайдан келеді», - деді сарапшы.
Айта кетерлігі, Қазақстанда электромобиль иелері үшін ақылы автотұрақтарда тегін орындар берілмек.