Қазақстанға аяз қайта оралады: үш күнге болжам жасалды

0
2 501

Қазақстанның батыс өңірінде күн күрт суытып, аяз болатыны болжанады.


Қазақстанға аяз қайта оралады: үш күнге болжам жасалды

Синоптиктер 19-21 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Қазгидромет" орталығының мәліметінше, республикамыздың батысында күн суытып, сынап бағаны минус 30-ға дейін төмендейді.

- "Солтүстік-шығыс бағытқа бет алған Каспий теңізінің үстіндегі оңтүстік циклон жауын-шашын шақырып, желдің күшеюіне әкеліп соғады. Соның салдарынан еліміздің слтүстік өңірде боран ұйытқып, оңтүстігінде көктайғақ болады. Алайда 21 қаңтардан бастап антициклон лебі еліміздің батыс аймақтарына жетіп, жауын-шашын тоқтайды, ауа температурасы түнде 22 ... 30 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі", - делінен хабарламада.