1,3 млрд астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратты.
ERNUR.KZ. 2024 жылы елімізге көрші Қытай мемлекетінен келген туристер легі 655 мың адамды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп. Көрсеткіш Қытай азаматтарының мәдени және табиғи мұрамызға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды. Бұл өзара іс-қимылға берік негіз болды. ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында осылай деді.
Оның айтуынша, іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратты. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
«Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланғанын атап өту керек. Бұл екіжақты қарым-қатынастардың тереңдей түскенін көрсетеді. Әрі бұл екі тарапқа ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда жаңа мүмкіндіктер береді. Осының бәрі туризмнің дамуына ықпал етіп қана қоймай, халықтар арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосады», – деп түйіндеді спикер.