Қазақстанға популяцияны қалпына келтіру үшін жеткізілген төрт жолбарысқа есім берілді

0
109

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жолбарыстар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды.


Қазақстанға популяцияны қалпына келтіру үшін жеткізілген төрт жолбарысқа есім берілді

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға екі елдің ынтымақтастығын және жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіретін есімдер берілді: аталық жолбарыс – Амур; аналық жолбарыс – Үміт; еркек күшік – Тұран; ұрғашы күшік – Уссури, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жолбарыстар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды. Қазіргі уақытта олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтуде. Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Алдағы уақытта бейімделу кезеңі мен жануарлардың жағдайын кешенді бағалау аяқталғаннан кейін оларды табиғи ортаға жіберуге дайындық жүргізіледі. Жіберу алдында жолбарыстар спутниктік қарғыбаулармен жабдықталады. Бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.