1 ақпаннан Қазақстанда Covid-19 қарсы «Спутник V» вакцинасын егу науқаны басталады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпанда Қазақстанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталады. Уағдаластық негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаны жеткізетін болады.
Сондай-ақ, сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасы салынады деп жоспарлануда, ай сайын оның көлемі 500 мың дозаға көбейеді.
Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары - медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т. б. вакцинацияланады.
Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі.
Вакцинация алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді.
Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егу жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды.
Айта кету керек, тек вакцинация коронавирустың одан әрі таралуына жол бермейді және қатаң локдаунның жалғыз баламасы.