Қазақстанға сырттан астық әкелуге тыйым салынды

0
110

Бұл шектеу алты ай мерзімге енгізіліп отыр.


Қазақстанға сырттан астық әкелуге тыйым салынды

фото: Пресс-служба Министерства сельского хозяйства Казахстана

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі астық импортын шектейтін бұйрықты бекітті, деп жазады sputnik.kz.
Бұйрыққа сәйкес, 27 шілдеден бастап Қазақстанға ЕАЭО елдерінен және үшінші мемлекеттерден астықты автомобиль, су және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салынады. Бұл шектеу алты ай мерзімге енгізіліп отыр.
Алайда құс фабрикаларына, астық өңдеу кәсіпорындарына, элеваторларға және Азық-түлік келісімшарт корпорациясына астықты теміржол арқылы әкелуге рұқсат етіледі. Бірақ мұндай астықты ішкі нарықта сатуға болмайды.
Сонымен қатар теміржол арқылы транзитпен өтетін астыққа шектеу қойылмайды.