Ресей Федерациясында шетелдік машина құрау зауыттары жұмысын тоқтатты.
ERNUR.KZ. Рубльдің құнсыздануы темір тұлпардың құнын шарықтатып жіберген. Көрші ел тұрғындарының көлік іздеп, еліміздің солтүстік өңірлеріне ағылуына бірнеше себеп бар, деп жазады inbusiness.kz.
Ресей Федерациясында шетелдік машина құрау зауыттары жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ дайын техникаларын да әкелмейтін болды. Әрі рубльдің құнсыздануы темір тұлпардың құнын шарықтатып жіберген.
Мысалы, Қытай концерні прайс бағасын 50% - ға дейін жаңартты. Бұл үрдіс барлық дерлік брендтерде байқалады.
Ал, қазақстанда құрастырылатын машиналардың бағасы әзірше сол қалпында. Ең арзаны – 5 млн 700 мың теңге. Ресейліктердің де көз тігіп отырғаны осы бағасы арзан отандық көліктер екен.


