Қазақстанның батысында 400 тонна шөп өртенді

0
536

​Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


Қазақстанның батысында 400 тонна шөп өртенді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округінде жинаулы тұрған 400 тонна шөп өртенді. Өрт 12 сағатта сөндірілді, деп жазады sputnik.kz.

Өрт 13 шілде сағат 19:00 шамасында шөп жинау кезінде басталған. Екі мыңға жуық шөп орамы өртенді.

Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті БҚО төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен ерікті өрт сөндіру құрамасының 8 адамы сөндірді.

Өрт 14 шілде таңертең ауыздықталды.

12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Имантау ауылы маңында қайың-қарағай орманы өртенген болатын. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 100 гектарды құрады. Өрт сөндіруге тікұшақ да қолданды.