Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

0
2 357

Маңғыстау облысының солтүстігінде синоптиктер тұман түседі деп болжап отыр.


Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Соған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп жазады Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 18 наурызда Ақтөбе облысының шығысында түнде баяу бұрқасын, оңтүстікте тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың шығысында жел екпіні секундына 16 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде синоптиктер тұман түседі деп болжап отыр.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстікте көктайғақ болады. Облыс орталығында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Орталықта, Қарағанды облысының шығысында төмен қарлы боран. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел екпіні 15-20 метр. Қарағанды мен Жезқазғанда төмен қарлы боран.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.