Жаңартылған мәліметке сәйкес "сары" аймақта төрт өңір, "жасылда" сегіз өңір, "қызыл" аймақта бес өңір тұр.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстанда 27 мамырдағы жағдай бойынша:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше "сары" аймақта тұрған Ақтөбе облысы бүгін "жасыл" аймаққа өтті.