Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.
ERNUR.KZ. 13 сәуірде таңертең Тәжікстанда болған жер сілкінісін Қазақстанның бірнеше елдімекендерінің тұрғындары да сезді, деп жазады Zakon.kz.
Жер сілкінісінің ошағы тәжік қаласы Худжандтан 170 шақырымда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше ірі қалалар мен 10-нан астам ауыл-аймақ тұрғындары екіден үш балға дейінгі жер сілкіністерін сезінді.
Бұл туралы ҚР ТЖМ мәліметтер ұсынды:
- Мырзакент - 3 балл;
- Жетісай - 3 балл;
- Абай - 3 балл;
- Сарыағаш қаласы - 3 балл;
- Қазығұрт - 3 балл;
- Шардара қаласы - 3 балл;
- Леңгір қаласы - 3 балл;
- Сайрам - 3 балл;
- Шымкент қаласы - 3 балл;
- Манкент - 3 балл;
- Аксукент - 3 балл;
- Тұрар Рысқұлов - 3 балл;
- Бауыржан Момышұлы - 3 балл;
- Арыс қаласы - 3 балл;
- Темирлановка - 3 балл;
- Тараз қаласы - 3 балл;
- Сарыкемер - 3 балл;
- Асы - 3 балл;
- Құлан - 2 балл;
- Мерке - 2 балл;
- Қаратау қаласы - 2 балл;
- Шаян - 2 балл;
- Шәуілдір - 2 балл;
- Жанатас қаласы - 2 балл;
- Түркістан қаласы - 2 балл;
- Қордай - 2 балл;
- Кентау қаласы - 2 балл;
- Шолаққорған - 2 балл;
- Шорнақ - 2 балл;
- Шу қаласы - 2 балл;
- Төле Би - 2 балл;
- Мойынқұм - 2 балл;
- Жаңақорған - 2 балл.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.
Сондай-ақ Тәжікстанда болған жер сілкінісі толқындарын Өзбекстан мен Қырғызстанның да бірқатар елдімекендерінде сезілгені айтылады.