Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер саны азаяды

0
175

Қазір еліміздің денсаулық сақтау саласында 17 ақпараттық жүйе бар.


Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер саны азаяды

ERNUR.KZ. Оларды трансформациялау бойынша жұмыстар басталып кетті. Алдағы уақытта 8 ақпараттық жүйе қолданылмақ. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап Медициналық деректердің бірыңғай қоры іске қосылады. Бұл азаматтың денсаулығының толық тарихын — өтініштерді, талдауларды, суреттерді, екпелерді, аллергияларды және басқаларды сақтауға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың ОКҚ брифингінде айтуынша, бұл пациенттер үшін де ыңғайлы — барлық ақпаратқа бір жерде қол жеткізіп, өз денсаулығын уақытылы қадағалап, алдын алуды шараларын жүргізу мүмкін болады.

«Денсаулық сақтау ресурстарын басқару жүйесін жаңғырту іске асырылады. Ол медициналық ұйымдардың қаржыны жұмсау ашықтығын қамтамасыз етеді. Биыл балалар денсаулығының жай-күйіне цифрлық мониторинг жүргізу бойынша жұмыс басталды – вакцинация, психофизикалық даму, есту бойынша деректер ескерілетін болады. Жүкті әйелдер, аналар және динамикалық бақылаудағы азаматтардың денсаулығына да мониторинг жүргізіледі», – деді спикер.

Сонымен қатар, еліміздің 9 өңірінде медициналық қызметтерге ақы төлеудің бірыңғай жүйесі іске қосылды. Маусым айында жүйе бүкіл елді қамтиды.