Қазақстанның екі ірі жоғары оқу орны бірігеді

0
582

Нәтижесінде жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі артады, ынтымақтастық аясында аграрлық ғылымда, кадрлар даярлауда және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруда елеулі синергетикалық серпіліс күтіледі.


Қазақстанның екі ірі жоғары оқу орны бірігеді

ERNUR.KZ. Еліміздің екі ірі жоғары оқу орны - ҚазҰАЗУ және ҚБТУ бір мақсатта бірікпек, деп жазады baq.kz.

Осылайша агроөнеркәсіп кешеніндегі IT-технологиялар, жер, су және орман ресурстарын басқарудағы цифрлық технологиялар мәселелерін бірлесе әзірлеп, дамытуға күш салады.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Қазақстан-Британ техникалық университеті арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы - Ректор Ақылбек Күрішбаев пен ҚБТУ Ректоры (Басқарма төрағасы) Маратбек Ғабдуллин Ынтымақтастық туралы келісімге қол қоя отырып, Тараптардың тең құқықтылық пен өзара тиімділік қағидаттары негізінде білім беру, ғылыми-техникалық байланыстарды нығайтатынын атап өтті, - делінген министрлік хабарламасында.

Университеттер басшылығының пікірінше, қатысушылардың базалық әлеуетін бірлесіп пайдалану ЖОО-аралық, пәнаралық білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды қалыптастыру мен іске асырудағы күш-жігерді бір бағытқа шоғырландыруға көмектеседі.

Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешенде, экологияда, су, орман шаруашылығында және жер ресурстарын басқаруда IT-технологияларды (цифрландыруды) дамыту мақсатында тиісті ғылыми практика қағидаттарына қажетті ұйымдастыру, құқықтық және қаржы-экономикалық жағдайлар жасалатын болады.

Ынтымақтастықтың негізгі артықшылықтары:

- бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, екі дипломды білім беруге көшу;

- бірлескен ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша консультациялар өткізу;

- ІТ технологияларды құру және игеру бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, жобаларды жүзеге асыру;

- цифрлық білім беру ресурстарын, техникалық, кадрлық және нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді ескере отырып, су, жер және орман ресурстары саласында білім берудің жоғары сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін қауіпсіз, цифрлық білім беру ортасын құру тұжырымдамасын әзірлеу;

- орман және су секторларымен байланысты білім беру бағдарламалары үшін қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, пәндерді айқындау және әзірлеу кезінде қолдау көрсету;

- виртуалды оқыту ортасын және онлайн-оқытуды бағалаудың объективті әдістерін пайдалана отырып, белсенді оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану бойынша онлайн-оқытуды дамытудағы заманауи үрдістер бойынша оқытушыларды оқытуды ұйымдастыру;

- ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастық;

- бірлескен уақытша ғылыми ұжымдарды, зертханаларды қалыптастыру, бірлескен өндірістерді ұйымдастыру;

- ғалымдар және мамандармен алмасу, олардың біліктілігін арттыру, тағылымдамаларды ұйымдастыру;

- бірлескен семинарлар, ғылыми конференциялар, жұмыс кездесулері мен көрмелер өткізу;

- студенттер мен магистранттардың екі дипломдық жұмысына бірлесе жетекшілік жасау;

- ұжымдық бағыныстағы материалдық-техникалық ресурстар (кітапхана, оқу және ғылыми зертханалар, практикалық базаларды, цифрлық платформаларды және т.б.) бірге пайдалану.

Нәтижесінде жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі артады, ынтымақтастық аясында аграрлық ғылымда, кадрлар даярлауда және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруда елеулі синергетикалық серпіліс күтіледі.

Жоғары оқу орындары арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсіміне ҚазҰАЗУ және ҚБТУ проректорлары, факультет декандары мен жас ғалымдар қатысты.