Қазақстанның екі облысында қатты аязға байланысты оқушылар қашықтан оқиды

0
189

Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Саран және Абай аудандарында бірінші ауысымның 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.


Қазақстанның екі облысында қатты аязға байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар 10 желтоқсанда қатты аязға байланысты қашықтан оқиды, деп жазады inform.kz.

Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Саран және Абай аудандарында бірінші ауысымның 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.

Бұқар Жырау ауданында барлық оқушы қашықтан оқуға ауыстырылды. Қарқаралы және Нұра аудандарында, Балқашта 0-7 және 8-cынып оқушылары үйден оқиды.

Риддерде 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4-сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды.

Алтай ауданында ауа райына байланысты 0-4-сыныптар үшін мына мектептер қашықтан оқуға көшеді:

"Новокрестьянская НШ" КММ, "Начальная школа им. Харина" КММ, "Крестовская НШ" КММ, "Путинцевская СШ" КММ, "Соловьевская СШ" КММ, "Чапаевская СШ" КММ, "Бикетов атындағы орта мектеп" КММ.

Самара ауданында ауа температурасы минус 34 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Ақкөл ауылының мектеп-балабақшасында сабақтар қашықтан өткізіледі.