8 шілдеде Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап ыстық сақталады.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы /Kazinform
ERNUR.KZ. Синоптиктер Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын салдарынан өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті, деп жазады inform.kz.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын мол түсіп, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы — 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы — 3-8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы — 8-13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C болады.


