Қазақстанның екі өңірінде ірі есірткі желісі жойылды

0
569

Полиция қызметкерлері еліміздің шығысында және Алматы облысында кең ауқымды арнайы операция өткізді.


Қазақстанның екі өңірінде ірі есірткі желісі жойылды

ERNUR.KZ. Еліміздің екі өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеу бір мезгілде жүргізілді және ірі есірткі арнасын жою бойынша арнайы операция өткізілді, деп жазады Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері еліміздің шығысында және Алматы облысында әрекет еткен ірі есірткі желісін жоя отырып, кең ауқымды арнайы операция өткізді.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жеті адамнан тұратын қылмыстық топты әшкереледі, олардың үшеуі еліміздің оңтүстік өңірінің аумағында тұрған. Бірлескен арнайы операция нәтижесінде бір айдан аз уақыт ішінде есірткі құрылымының барлық қатысушылары әшкерленді. Олардың барлығы басқа қалалардан келген, қылмыскерлер қауіпсіздік шараларын мұқият сақтап, жалдамалы пәтерлерді үнемі ауыстырып отырған. Алматы облысында болып, қылмыстық топтың барлық іс-әрекеттерін басқарып отырған есірткі желісінің жетекшісі де анықталды.

Есірткі саудасымен айналысатын әр қатысушының өз рөлі болған. Белгілі бір топ есірткіні жеткізуге жауапты болған, енді біреулері оны дозасы бойынша өлшеп, кейіннен қала бойынша арнайы орындарға қойып кетіп отырған. Тінту барысында шамамен 10 келі сатуға дайын синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл шамамен 100 мың реттік дозаға тең.

Есірткі тасмалдаушыларға тауар көлік-логистикалық компаниялар арқылы жасырын қосалқы бөлшектер түрінде жөнелтілген. Есірткісі жасырылған барлық автобөлшектерді қызметтік-іздестіру иттері таба алмайды деген үмітпен, лак-бояу материалдарымен мұқият бояған, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Есірткіні алғаннан кейін, есірткі қоятын адамды ешкім байқамас үшін тауарды арнайы орындарға қою түнгі уақытта ғана жүзеге асырылған.Ағымдағы жылдың сәуір айының басында ауқымды ұстау басталды. Бір апта ішінде қала аумағында әрекет еткен барлық есірткі тасымалдаушылар қамауға алынды. Өз үйлерін жалға берген пәтер иелері жалдаушылардың пәтерді есірткіні өлшеп-дайындау цехына айналдырғандарын көріп, жағаларын ұстаған. Әрі қарай, кезек есірткі желісі жетекшілерінеде келіп жетті.

Алматы облысы Талғар ауданы Қызылқайрат ауылындағы жалдамалы үйде синтетикалық есірткіні дайындап, өлшеп-орайтын есірткі зертханасын ұйымдастыруға тұтастай бір отбасының қатыстылығы анықталды. Олардың психотроптық заттарды жартылай дайын күйде қойып кету жолымен алып, оны тұтынуға дайын күйге дейін жеткізіп отырғаны анықталды. Тергеу барысында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы есірткіні байланыссыз таратумен айналысқаны, ал әлеуетті клиенттерден төлемді электрондық төлем жүйелерінің көмегімен қабылдағаны анықталды. Ауқымды арнайы операция нәтижесінде 21-49 жас аралығындағы жеті адам қамауға алынды. Тәркіленген заттардың “қара базардағы” құны шамамен 167 млн. теңгеге бағаланады.

Күдіктілердің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сараланды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылулары мүмкін. Есірткі қылмысына қарсы күрес жалғасуда.