Қазақстанның "ішкіш" адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

0
11 779

Ішімдікке ең немқұрайлы қарайтындар – Маңғыстау облысының тұрғындары.


Қазақстанның

ERNUR.KZ. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда күшті сусындарды тұтыну өсті. Алкогольге жұмсалатын орташа шығын да артқан, деп жазады zakon.kz.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстан дүкендерінен коньяк 2,4 есе, арақ, ликерлер мен шарап 29,4% көп сатып алынған. Бұл ретте шампан (-3,2%) мен сыраны (-6,2%) тұтыну төмендеді. Дегенмен сыра барларда, мейрамханаларда және дүкендерде сатылатын алкогольдің 80%-ына тең.

2023 жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың алкогольге жұмсаған шығыны 13,1% өсті. Сәуір-маусым айларында алкогольге жұмсалған шығын жан басына шаққанда шамамен 1,5 мың теңге болды (бұл елдің барлық тұрғынын, оның ішінде ішпейтіндерді, балаларды және тағы басқаны есептегенде орташа көрсеткіш). Шығыс Қазақстан облысы ең көп "ішетін" аймақ саналды.

"2023 жылдың екінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары алкогольге ең көп қаражатты жұмсаған. Республика бойынша жалпы шығын 1,5 мың теңге болса, Шығыс Қазақстан облысында 2,2 есе көп: отбасы бюджетінен 3,4 мың теңге. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары да жоғары деңгейде қалды: 3,1 мың теңге, қарағандылықтардың (2,9 мың теңге) және алматылықтардың (2,8 мың) шығыстары да осы сомаға жақын болды", - деп хабарлайды Energyprom.kz.

Алкогольге жұмсалатын шығынның аздығына қарағанда, ішімдікке ең немқұрайлы қарайтындар – Маңғыстау облысының тұрғындары.

Бұған дейін Қазақстанда 1 қазаннан бастап күшті алкоголь бағасы қымбаттайтыны белгілі болған.