Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің әкесі дүниеден өтті.
ERNUR.KZ. 13 маусымда еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақбай Жапарұлы Мамин дүниеден өтті, деп жазады ҚазАқпарат.
Ұзақбай Мамин 1937 жылғы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Благодатное ауылында туған.
Құрылыс саласында шеберден бастап «Целиноградэлеватормельстрой», «Целинсантехмонтаж» трестері, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені сияқты бірқатар құрылыс ұйымдарының басшысына дейінгі ұзақ еңбек жолынан өтті.
Ерен еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.
Кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді еңбек етті.